26 Мамыр, 2020 NEWS
kursiv.kz
Алматыда блокбекетте болған жол апатында зардап шеккен үшінші полиция қызметкерінің жағдайы ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, пациент №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
– Тексеру барысында компьютерлік томография нәтижесінде қосарласқан жарақат, басының шүйде бөлігінің жарақаты, ми соққы алғаны анықталды. Бас сүйегінің артқы бөлігіне қан кеткен. Бет сүйегінің сол жағы сынған. Басының, бетінің, белінің жұмсақ тіндері соғылған. Нейрохирургтардың консилиумы өткізілді. Нәтижесінде бас сүйегі ашылып, ұйыған қан алынды. Қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр, – деді №7 аурухана бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасарының міндетін атқарушы Ильдар Құрмаев.
Еске сала кетсек, блокбекетте болған қайғылы оқиғаның суреттері желіде жарияланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір